№8 негізгі мектеп бойынша психология күніне «Керемет әлем» тақырыбында жоспар құрылып, мектеп оқушылары мен ата-аналарына жоспарға сай іс –шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ 5 сынып оқушыларымен «Менің көңіл күйім» тақырыбында тренинг ұйымдастырылса, 9 сынып оқушыларымен «Бақыт сыры» тақырыбында әңгімелесу, тренинг ұйымдастырылды. 6,7,8 сынып оқушыларымен «Қарым-қатынаста біз қандаймыз» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ойын-жаттығулар жүргізілді. Сонымен қатар 7-8 сынып оқушылары және мектебіміздің аға тәлімгерінің ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ» тақырыбында мектебімізде флешмоб өткізілді. Мектебіміздің оқушылары белсенділік, қызығушылық танытып атсалысты. Мектеп оқушыларының ата-аналарына «Мен және менің балам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру.Ата –аналармен түрлі ситуациялық сұрақтар талқыланып, «Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында сауалнама жүргізілді. «Қолғаптар», «Өз балаңызды таныңыз» эксперимент ойын, баяндама оқылып, ұжымдық жұмыстар жүргізілді. Ата-аналар белсенділік танытты.