Мектебімізде қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза мектеп – таза қала» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында оқушылар мектеп ауласын тазалап, айналаны қоқыстан арылту жұмыстарына белсене қатысты. Өз еңбектері арқылы қоршаған ортаның тазалығына үлес қосып, туған жерді таза ұстаудың маңызын көрсетті.
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру, тазалыққа тәрбиелеу және туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Тазалық – ортақ міндет, табиғатты қорғау – баршамыздың парызымыз!
Таза мектеп – таза қала, таза қала – жарқын болашақ!
