Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№8 негізгі орта мектебі КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Арқалық қаласы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№8 негізгі орта мектебі КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Арқалық қаласы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kst-ark-sh8.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мектебімізде «Бала тәрбиесіне ата - ана жауапты ма, әлде мұғалім жауапты ма?» тақырыбында қызықты дебат өткізілді. Дебатқа Үкімет және Оппозиция топтары қатысты. Үкімет тобы бала тәрбиесіне ең алдымен ата - ана жауапты екенін дәлелдеуге тырысты, ал Оппозиция тобы бұл міндет мұғалімдерге де тиесілі екенін алға тартты. Екі тарап та өз ойларын нақты дәлелдермен, мысалдармен жеткізіп, тыңдаушыларға ой саларлық пікірлер айтты. Бұл дебат оқушыларға тәрбие туралы тереңірек ойлануға, сыни көзқараспен қарауға үлкен мүмкіндік берді.
Жетекшісі:Туримтаев Е.А

Мектебімізде бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен «Білімнің бастауы - бастауыш» атты апталық жоғары деңгейде өткізілді. Апталықтың мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұстаз еңбегін дәріптеу болды. Оқушылар ән айтып, би билеп, көңілді концерттік бағдарлама ұсынды. Әсем әндер шырқалып, ұлттық және заманауи билермен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әр сынып өз өнерін сахнада паш етіп, шапалаққа бөленді.

Мектебімізде «Дос болайық» қайырымдылық акциясын жүзеге асыру мақсатында үлкен жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеден түскен қаражат толықтай даярлық сынып оқушысы Сезім Бөлтірікқызына көмек ретінде табысталды.
«Дос болайық» акциясының негізгі мақсаты - оқушылар арасында қайырымдылық, мейірімділік, достық, көмекке мұқтаж жандарға жанашыр болу сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушыларды бір - біріне қамқор болуға, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Осындай игі істің басы - қасында жүрген барлық ұстаздарға, оқушыларға және ата - аналарға зор алғысымызды білдіреміз! Бірлігіміздің, мейірімділігіміздің дәлелі болған бұл шара көпке үлгі болары анық.
Жақсылық жасау - жүректен!
Осындай игі істер көп болсын!