Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№8 негізгі орта мектебі КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Арқалық қаласы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№8 негізгі орта мектебі КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Арқалық қаласы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Арқалық қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 2026 жылғы 2 қарашадағы №03-10/5777 хатына сәйкес, «Заң мен тәртіп» идеологемасын және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ кибербуллингтің, интернет-алаяқтықтың, кәмелетке толмағандарды құқыққа қайшы әрекеттерге тартудың және тыйым салынған контентті қараудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 6 қарашасында №8 негізгі орта мектебінде «Менің телефоным – менің қауіпсіздігім» тақырыбында профилактикалық сабақ өткізілді.
Іс-шараға Арқалық қаласы Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция тобының полиция лейтенанты А. Төлеуова және Арқалық қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Н. Базикенов қатысып, оқушыларға интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, кибербуллинг, интернет-алаяқтық және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.