Мектебімізде қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай 1 - 9 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Іс - шараның мақсаты - оқушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның даналық сөздері мен өлеңдерінен тағылым алу болды.
Сынып сағаттарында оқушылар Абай атаның өмірбаяны, өлеңдері, қара сөздерімен танысып, оның тәрбиелік мәні зор шығармаларын талқылады. Балалар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін орындады.