Арқалық қаласындағы №8 негізгі орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мектеп парламентінің мүшелері Жеңіс күні мерекесіне орай Исмаилова Рабиға апамызды арнайы құттықтап барды. Олар ардагер апамызға жылы лебіздерін білдіріп, шағын сыйлық табыстады. Рабиға апа жас ұрпақтың құрметіне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.