Арқалық қаласы білім бөлімінің №8 негізгі орта мектебінде «Шабыт» үйірмесінің жетекшісі ұйымдастыруымен «Мақта қыз және мысық» сахналық қойылым өткізілді. Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.