19 желтоқсан күні №8 негізгі орта мектебінің өнерпаздары мен мектеп ұжымы «Өнер керуені» атты көшпелі бағдарламамен Бейімбет Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебіне керемет кеш сыйлап қайтты. Іс-шара барысында күмбірлеген күй ойналып, әсем әуендер шырқалып, мың бұрылған бишілер өз өнерлерін көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді. Бейімбет Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Н.Ахатов алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.
#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@kost__bilim
@medetbekovameruert
@gani.beisembayev
@rumcdo_official
@altynsarin_akademiasy
@ibraeva.0707
#arkalyk_bilim_bolimi #kost_bilim