Еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуін одан әрі дамытуға бағытталған ұлттық бірліктің басымдықтары бойынша қазақстандықтарды рухани-адамгершілікке біріктіру және ұлттық құндылықтарды (салт-дәстүр) дәріптеу мақсатында 17.03.2023 күні сағат 12 де мектебіміздің АКТ залында «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ерке сылқым» күйлері орындалды. «Қайырымды Ұлт» акциясы бойынша 7-9 сынып оқушылары Западный кентінде тұратын зейнеткер кісілердің үй шаруасы жұмыстарына өз көмектерін көрсетіп, үлкен кісілердің алғысы мен баталарын алды. Мектепішілік жоспарға сай, 22-наурыз мерекесіне орай наурыз айының 17 жұлдызы күні "Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізді әдет- ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Аталмыш шарада түрлі салт-дәстүрлер жайында қойылымдар қойылып, оқушылардың салт-дәстүр жайында білімдерін толықтыра түсті.Сол күні Нүркен М.М., Жамантай Н.К. жауаптылығымен арқан тарту, асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ сайыстары 1-9 сынып арасында өткізілді.
Сонымен қатар 14.03.2023 күні Т.Серикбаева ұйымдастыруымен «Ұлттық тағамдар фестивалі» өтті. Аталған сайысқа оқушылар белсене қатысып, үздік деп табылған жұмыстар мақтау қағаздарымен марапатталды. Наурыз мерекесін насихаттау мақсатында 1-9 сынып арасында флешмобтар мен челлендждер #наурызмейрамы, #наурызкүйі атты хэштегпен мектебіміздің instagram https://instagram.com/shcolan8?igshid=ZDdkNTZiNTM= желісіне салынды.
Мектеп директоры: /Қолы қойылған/ Дүйсенбаева Л.А.