Мектебімізде «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында АПФ форматында қызықты дебат сайысы ұйымдастырылды. Бұл пікірсайысқа екі команда қатысты: үкімет және оппозиция. Үкімет тобы интернеттің білім алу, байланыс орнату және ақпаратқа тез қол жеткізу сияқты пайдаларын дәлелдесе, оппозиция тобы интернеттің тәуелділік, кибербуллинг және жеке мәліметтердің қауіпсіздігіне төнетін қауіптерді алға тартты.
Оқушылар өз пікірлерін дәлелмен жеткізіп, сұрақ - жауап кезеңінде белсенділік танытты. Дебат өте тартысты өтті, қатысушылар шешендік қабілеттерін көрсете алды. Нәтижесінде бас жүлдені 8 сынып оқушылары, І орынды 7 сынып оқушылары иеленді. «Үздік спикер» номинациясына Сабыржан Жанна ие болды. Ұйымдастырушы: Өзін - өзі басқару ұйымы