Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз тойы мектебімізде өткізілді. Мереке керемет көңіл - күйге, думанды ән шашуға, мың бұралған билерге, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін салт - дәстүрлерге толы болып, әрбір көрерменнің рухында көктемді оятты. Мектеп ұстаздары қазақтың "Сырға салу", "Құда күту", "Бесікке бөлеу", "Тұсаукесер" салт - дәстүрлерін дәріптеп, ұрпақты өнеге тәрбиеледі. Әр сыныпта молшылықты бейнелейтін ұлттық тағамдар қойылған дастархандар жайылды.