Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№8 негізгі орта мектебі КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Арқалық қаласы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№8 негізгі орта мектебі КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Арқалық қаласы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kst-ark-sh8.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай мектебімізде ерекше тәрбиелік маңызы бар іс - шара ұйымдастырылды. Оқушылар қалалық тарихи - өлкетану музейіне экскурсия жасап, соғыс жылдарындағы халқымыздың ерлігі мен жанқиярлық күресі туралы мол мағлұмат алды.


Музей ішінде соғысқа қатысқан батырларымыздың фотосуреттері, әскери киімдер, қару - жарақтар мен сол жылдардағы құнды жәдігерлер қойылған. Оқушылар экскурсия барысында майдандағы жағдаймен, тылдағы халықтың еңбегімен және жеңістің қалай келгенімен танысты. Музей қызметкерлері әр экспонат туралы қызықты әрі әсерлі әңгімелер айтып, оқушылардың патриоттық сезімін оятты.


Бұл экскурсия балалардың жүрегінде терең әсер қалдырды. Олар соғыстың ауыр зардаптарын түсініп, бейбіт өмірдің қадірін ұғынды. Сонымен қатар, батыр бабаларымыздың ерлігі мен елге деген махаббатына бас иіп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырды.


Ұйымдастырылған бұл рухани іс - шара - жас ұрпақтың тарихи санасын оятып, болашақта елін, жерін қорғауға дайын азамат етіп тәрбиелеудің бір көрінісі болды.