Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№8 негізгі орта мектебі КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Арқалық қаласы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№8 негізгі орта мектебі КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Арқалық қаласы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kst-ark-sh8.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Балалар және театры» республикалық ағарту жобасын іске асыру мақсатында Арқалық қаласы жасөспірімдер театрында қарашаның 20-сы күні «Шабыт» театр үйірмесі жетекшісі мен мектеп оқушылары Г.Хугаевтің «Қара шекпен» атты қойылымына барып қайтты.Қойылым аллегориялық мысалдар арқылы өз кейіпкерлерін нақты тауып адалдық пен арамдықтың, жақсылық пен жамандықтың бітіспес күресін, алынбас кегін, өмірдегі әлсіздік пен мықтылықтың, әлімжеттіліктің және әділетсіздіктің аражігі туралы кейіпкерлер арқылы көрерменге жеткізе білді. Мысалы бұл жердегі аллегориялық кейіпкер түлкі – ежелгі түркі мифологиясына сәйкес арамдықтың бейнесі болып келсе, иесіне адал қызмет еткен ит - адалдық атаулының тұтас символы ретінде алынып отыр. Қасқыр жауыздықтың, жыртқыш күштің иесі ретінде кездессе, қоян - алапат күрес өмірдегі ең бір әлсіз, қорқақ бейне ретінде көрсетіліп күш пен әлсіздіктің арасындағы айырмашылық өлшемдер туралы да айтылады. «Қара шекпен» қойылымы бір көргенде, жануарлардың бір-бірімен сөйлесіп жатқан жеңіл қойылым сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ қойылым мағынасы одан әлдеқайда терең. Қойылымдағы әр кейіпкердің белгілі бір мақсаты, халыққа жеткізетін ойы бар.Осындай қойылымдар көрермен назарында адамгершілік,рухани сезімдерді дамытып, ұзақ есте қалатын сөзсіз.